12:04 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Экономика
Қысқа сілтеме алу
179 0 0

Инвесторлар коронавирустың екінші толқынына алаңдаушылық білдіріп отыр. Дамушы елдер валюталарының әлсіреуі аясында теңгенің айырбастау бағамы өзгерді

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ұлттық валютаның не себепті әлсірегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас банкирдің айтуынша, бүгінде инвесторлар коронавирустың екінші толқынына алаңдаушылық білдіріп отыр. Осыған байланысты дамушы елдердің валюталары әлсіреген.

"Мысалы, осы жылғы маусымның соңы мен 10 тамыз аралығында түрік лирасы 6,9 процентке, Индонезия рупиясы 3 процентке, ал Аргентина песосы 3,3 процентке құнсызданды. Жалпы үрдіс аясында Ресей рублі де 3,6 процентке әлсіреді", - деді Досаев үкіметтің онлайн отырысында.    

Оның айтуынша, дамушы елдер валюталарының әлсіреуі аясында теңгенің айырбастау бағамы өзгерді. Осы жылдың шілдесінен бастап 10 тамыздағы жағдай бойынша ұлттық валютаның бағамы бір АҚШ доллары үшін 404,07 теңгеден 418,31 теңгеге дейін, яғни 3,5 процентке әлсіреді. Мұнай бағасы өспей отыр. Бұның барлығы теңгенің әлсіреуіне әсер етуде.

Оқи отырыңыз: Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім төмендеді - Дәленов 

"Республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті бөлу мақсатында Ұлттық қор активтерін конвертациялау, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату жөніндегі ұзартылған шаралар ұлттық валютаға ішкі қолдау көрсетті", - деп түйіндеді Досаев.  

Тақырып бойынша

"Экономикалық ахуал күрделі": қаржы министрі алдағы жоспар туралы айтты
Теңге бағамы қалай өзгереді – сарапшылар болжам жасады
Ұлттық экономика министрі келешегі бар салаларды атады
Тоқаев теңге бағамына қатысты бірқатар тапсырма берді
Кілт сөздер:
теңге бағамы, Ерболат Досаев
Загрузка...

Басты тақырып