13:01 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Экономика
Қысқа сілтеме алу
472 0 0

Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында медициналық сақтандыру қорының басшысын жұмыстан босатуды тапсырдған болатын. Оның орнына Болат Төкежанов келді

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Медициналық сақтандыру қоры басшылық пен қызметкерлердің жалақысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қордың баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, орталық аппаратта 230 қызмет бар. Ал облыстық филиалдарда 620 маман жұмыс істейді. 

"Штаттық кестеге сәйкес, басқарма мүшелерінің жалақысы, соның ішінде басқарма төрағасының еңбекақысы салықтық төлемдерді есептемегенде 850 000 теңгеден басталады", - дейді мамандар.

Ал басқа қызметкерлердің айлықы үш-бес есеге төмен. Олар: 

  • менеджер – 170 000 теңгеден жоғары; 
  • аға менеджер – 250 000 теңгеден жоғары;
  • әкімшілік басқару персоналы –  300 000 теңгеден жоғары.

Биыл медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге жоспар бойынша 5,7 миллиард теңге қарастырылған.  

"Жаңа басшылықтың шешімі бойынша қызметкерлер штатын ұстауға кететін шығындардың оңтайландыру шаралары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезеңде 119 миллион теңге көлемінде жалақы шығындары қысқартылады. Бұдан бөлек, қордың ұйымдастырушылық құрылымына талдау жасалуда", - дейді қор қызметкерлері. 

Сондай-ақ, PR шығындары – 102 миллион тенгеге, IT-қызметтері – 180 миллион теңгеге, кеңсе жалдау 95 миллион теңгеге, іс-сапар шығындары – 100 миллион теңгеге, баспа қызметтері 31 миллион теңгеге қысқартылды. Ал жиһаз бен кеңсе техникасын сатып алу сияқты күрделі қаржы шығындары 277 миллион теңгеге азаяды. Жалпы, барлық шығын 1 миллиард теңгеге азаяды деген жоспар бар.

Бұрынғы басшы төңірегіндегі шу 

Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұлов осы қызметке өткен жылы тағайындалған болатын. Биыл шілде айында оның жұбайы, тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова жариялаған жазбаның скриншоты елдің ашуын туғызды. Әйел күйеуінің өзіне "он екінші көлік сыйлағанын" жазған. Жұмағұловтың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Соған қарамастан, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында медициналық сақтандыру қорының басшысын жұмыстан босатуды тапсырды. Оның орнына Болат Төкежанов келді. 

МӘМҚ жүйесі Қазақстанда 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Бірінші сәуірде жарна төлеу бойынша жеңілдік кезеңі ұзартылды. Сол аралықта әрбір азамат өз мәртебесін анықтап, жарна төлеп, қор қатысушысы болуға міндеттелді.

Айта кетсек, қазіргі таңда шағын және орта бизнес 2020 жылдың бірінші қазанына дейін қорға жарна төлеуден босатылды. Алайда жұмыс беруші мемлекеттік кірістер комитетіне қызметкерлер тізімін ұсынуға міндетті.

Тақырып бойынша

"Он екі көлігі бар": Айбатыр Жұмағұлов желіні шулатқан жазбаға жауап берді
Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды
Медициналық сақтандыру қорында қанша ақша бар – басшылық жауап берді
Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді
Медициналық сақтандыру қоры мекемелерге алты ай ішінде 4,6 миллиард теңге айыппұл салған
Кілт сөздер:
жалақы, медициналық сақтандыру қоры
Загрузка...

Басты тақырып