Экономика

Қазақстандықтар 27 тамыздан бастап Түркияға ұша алады

© Photo : PixabayҰшақ терезесінен қарағандағы көрініс, архивтегі сурет
Ұшақ терезесінен қарағандағы көрініс, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталғандықтан, Түркия  жолаушыларға елге кіруге рұқсат берді

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. 27 тамызда Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеу алынады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

"COVID-19 таралуының тұрақталуы мен жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. 27 тамызда екі ел арасында тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады", - деп мәлімдеді министрлік.

Рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтай отырып орындалады. Кестені әуе компанияларының сайтынан көруге болады.

Еске салсақ, 5 тамызда Түркия елге қазақстандық жолаушылардың кіруін шектеген еді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті екі ел арасында рейстерге шектеулерді алып тастау мәселесі жөнінде келіссөз жүргізді.

Жаңалықтар
0