Экономика

Алматыда коронавирусқа шалдыққан тұрғындарға 50 мың теңгеден берілмек

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматинцы в масках стоят в очереди перед центральной аптекой города
Алматинцы в масках стоят в очереди перед центральной аптекой города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақшалай көмекті бес мың адамға дейін алады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар азық-түлік түрінде көмек көрсетіледі

АЛМАТЫ, 26 тамыз — Sputnik. Алматыда коронавирус немесе пневмониямен ауыратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санатына әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр. Қалалық мәслихаттың шешімінің жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Әлеуметтік көмек Алматыда тұрақты тіркелген және тұратын азаматтарға ақшалай немесе заттай көрсетіледі.

Ақшалай жәрдемақы

Жобаға сәйкес, әлеуметтік көмек коронавирус инфекциясы және пневмониямен ауыратын мұқтаж алматылықтарға 50 мың теңге мөлшерінде ақшалай төлем түрінде бір рет көрсетіледі. Тиісті тізімді денсаулық сақтау басқармасы әзірлейді және әлеуметтік әл-ауқат басқармасына әр айдың 5-не дейін жібереді.

Жоба шамамен 815-тен 5 мың адамға дейін қамтиды деп жоспарланып отыр.

Азық-түлік себеті

Сонымен қатар, әрбірі 10 мың теңгеге азық-түлік жиынтығы таратылады деп көзделуде.

"Азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету Алматы қаласында пандемия кезеңінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына кепілді және кідірусіз әлеуметтік көмек көлемі болып табылады", - делінген мәслихат құжатында.

Азық-түлік себетіне кіретін өнімдер:

  • күріш;
  • бірінші сұрыпты бидай ұны;
  • ұнтақ жарма, сұлы, қарақұмық;
  • қара бидай наны, қара нан;
  • макарон өнімдері;
  • бір литр сүт;
  • майлылығы 20% қаймақ;
  • ірімшік;
  • қатты мәйек ірімшігі;
  • сиыр еті, шошқа еті, қой еті, тауық еті, жылқы еті;
  • пісірілген шұжық;
  • балық;
  • жұмыртқа;
  • тұздалмаған сары май, маргарин, күнбағыс майы;
  • құмшекер, тұз;
  • шай;
  • қырыққабат, пияз, қызылша, сәбіз, қияр, қызанақ, картоп, аршылған бұршақ.

Азық-түлік себетімен шамамен 120 мың адамды қамтамасыз ету жоспарланған.

Көмек кімге көрсетіледі

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы КСРО ордені және медалімен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін КСРО ордені және медалімен марапатталмаған тұлғалар;
  • 2013 жылдың 21 маусымындағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;
  • мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасылар;
  • бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;
  • асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы алатын отбасылар;
  • үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалғызбасты зейнеткерлер;
  • 2001 жылдың 17 шілдесіндегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" заңға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар;
  • тұрмысы төмен отбасылар.

Заттай және ақшалай әлеуметтік көмек төлемі әлеуметтік көмек тағайындалған айдан кейінгі айдың он бесіне дейін жүргізіледі.

Құжатты талқылау 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

Жаңалықтар
0