Экономика

Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді – жолдау

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты стопка
Деньги, тенге монеты стопка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев пандемияға байланысты мәселе туындаған кезде ғана қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті   

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үкімет нақты шектеулер мен бейінді карантин әдісін енгізуде. Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттеме орындалады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлініп отыр", - деді Тоқаев жыл сайынғы жолдауын жария етіп.

Оқи отырыңыз: Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құруды тапсырды 

Айтуынша, әлеуметтік төлемдерді индекстеу жұмысы жалғасады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.

"Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, пандемияны жеңу үшін кем дегенде екі жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек", - деді президент.

Тоқаев мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластыру қажет екенін атап өтті.

"Ең бастысы біз азаматтардан ештеңені жасырмай,  індеттен қайтыс болғандар туралы ақпаратты ашық жарияладық. Қаншалықты ащы болса да, щындықты айтып отырмыз. Бұл кейбір мемлекеттерге қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы. Алайда ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0