Экономика

Зейнетақы шотындағы ақшаны бір емес, бірнеше рет алуға болады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін министр зейнетақы жинағының бір бөлігін 721 мың қазақстандық пайдалана алатынын мәлімдеген еді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін бір рет емес, бірнеше рет алуға рұқсат етіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Зейнетақы жинағын шешіп алу санына қатысты шектеу көзделмеген. Яғни, азаматтар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда зейнетақы жинағының бір бөлігін қайта пайдалана алады", – деді Нұрымбетов. 

Министр зейнетақы жинағы баспана немесе жер телімін сатып алуға, ипотеканы қайта қаржыландыруға немесе өтеуге, өз тұрғын үйін салуға немесе жөндеуге, тұрғын үй жағдайын жақсартудың басқа да мақсаттарына берілетінін атап өтті. Зейнетақы жинағына сатып алынған баспана бес жыл өткеннен кейін ғана сатылуы мүмкін.

Сондай-ақ, азаматтар қордағы ақшаның бір бөлігін емделуге және қаржы компаниясының басқаруына аудару үшін ала алады.

Бұған дейін министр зейнетақы жинағының бір бөлігін 721 мың қазақстандық пайдалана алатынын мәлімдеген еді. Олар: жұмыс істейтін адамдар, зейнет жасына жеткен азаматтар және зейнетақы анниутетін рәсімдегендер. 

Бұдан бөлек, зейнетақы жинағының бір бөлігін алу үшін қазақстандықтардың шотында қанша ақша болуы керектігі хабарланды.

© SputnikЗейнетақы жинағының бір бөлігін алу үшін шотта қанша ақша болуы керек
Зейнетақы шотындағы ақшаны бір емес, бірнеше рет алуға болады - Sputnik Қазақстан
Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу үшін шотта қанша ақша болуы керек
Жаңалықтар
0