Экономика

Вице-премьер бюджетке мұнайдан түсетін түсімнің қанша теңгеге азайғанын айтты

© Sputnik / Борис Бабанов / Медиабанкке өтуПервая нефтяная скважина на месторождении Тенгиз
Первая нефтяная скважина на месторождении Тенгиз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлихан Смайылов экономиканы тұрақтандыру үшін кешенді жоспар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қазақстан бюджетіне мұнай өндіру саласынан 1,6 триллион теңге түспей қалды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мұнай саласына тоқталсақ. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша мұнай саласынан келетін түсім былтырмен салыстырғанда 46%-ке немесе 1,6 триллион теңгеге азайды. Соның ішінде былтырға қарағанда мұнайды экспорттауға кеден бажының көлемі 350 миллиард теңгеге кем болды", - деді Смайылов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-премьер экономиканы тұрақтандыру үшін кешенді жоспар жүзеге асырылып жатқанын айтты. Үкімет экономиканың барлық саласын тұрақты кіріс көзіне айналдыруды көздеп отыр. Дегенмен, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және туризм салаларының әлеуеті жоғары. Сондықтан бұл бағыттарға басымдық беріледі, деп нақтылады ол.

Ел үкіметінің болжамынша, келесі жылы жалпы ішкі өнім кем дегенде 2,8 процентке өседі. Ал орта мерзімді перспективада экономиканың өсу қарқынын 5%-ке жеткізу міндеті қойылған.

Жаңалықтар
0