03:28 27 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Президент жолдауы - 2020 (51)
93 0 0

Министр мемлекеттік кәсіпорындар шағын және орта бизнестің өтінішін орындауға міндетті екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шағын және орта бизнес кәсіпкерлері жыл соңына дейін аренда төлемін тоқтату туралы өтінішпен қайда жүгінуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр республикалық және коммуналдық меншік мәселелері бойынша Gosreestr.kz порталы жұмыс істейтінін айтты. 

"Шағын және орта бизнес субъектілері жыл соңына дейін аренда төлемін есептеуді тоқтату туралы электронды өтініш бере алады. Өтініштер электронды форматта өңделеді. Қосымша келісім бекітіліп, аренда ақысы уақытша тоқтатылады", - деп түсіндірді Жамаубаев үкімет үйінде өткен брифингте. 

Ол квазимемлекеттік сектордың жылжымайтын мүліктеріне де тоқталды. 

Шағын және орта кәсіпкерлер жалға берушілерге – квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тікелей жүгіне алады. Кейін жыл соңына дейін аренда төлемі тоқтатылғаны туралы қосымша келісім жасалады. 

Министр мемлекеттік кәсіпорындар шағын және орта бизнестің өтінішін орындауға міндетті екенін айтты. 

Президент 1 қыркүйектегі жолдауында шағын және орта бизнес үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлікке аренда төлемін есептеуді жыл соңына дейін тоқтатуды тапсырған болатын.

Тақырып:
Президент жолдауы - 2020 (51)

Тақырып бойынша

Кәсіпкерлер кредиті субсидияланады – президент тапсырмасы қалай орындалады
Мемлекет арендалық пәтер ақысын төлеуге көмектеседі – Тоқаев тапсырма берді 
Вирус өз дегеніне көндіреді – Көлгінов кәсіпкерлерге үндеу жасады
Қазақстандық кәсіпкерлерге 6%-тік кредит беріледі
Жастарға арналған арендалық баспана: жалақыға қатысты өзгеріс болуы мүмкін
Кілт сөздер:
кәсіпкер, Жолдау 2020
Загрузка...

Басты тақырып