19:03 21 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Экономика
Қысқа сілтеме алу
690601

Жеке табыс салығының мөлшері Қазақстанның қолданыстағы Салық кодексінде көрсетілген. Соған сәйкес, мысалы зейнетақы жинағынан бір миллион теңге алған кезде 100 мың теңге жеке табыс салығы төленуі тиіс

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек  — Sputnik. Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін 2021 жылдың басынан бастап ала алады.

Қолданыстағы Салық кодексінің 320-бабының 1-тармағына сәйкес, осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табысына 10% мөлшерінде салық салынады.

Ал осы кодекстің 320-бабының 2-тармағында Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түріндегі кірістерге 5% мөлшерінде салық салынады.

Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алатын болса, соманың 10%-ін салық түрінде төлеуге міндетті.

Оқи отырыңыз: Тұрғын үй бағасы 30%-ке қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы 

Сонымен қатар қайтыс болған туысының зейнетақы салымдарын мұраға алу, Қазақстан азаматтығынан шығатын басқа елге тұрақты тұруға кететін адамдар үшін зейнетақы ақшасын алу кезінде де осындай шарттар көзделген.

Демек, бір миллион теңге алу кезінде 100 мың теңгені жеке табыс салығы түрінде төлеуге тура келеді. Ал 2,5 миллион алынса, 250 мың теңге төлейді.

Зейнетақы жинағын кім ала алады

Қазақстан президенті 1 қыркүйекте халыққа жолдауы кезінде зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алу, емделу, қаржы компанияларына басқаруға беру үшін пайдалануға берілетінін хабарлады.

Соған сәйкес, 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға болады. Алайда қаражат адамның жеке шотына аударылмайды және қолма-қол берілмейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, келесі жылдан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсау мүмкіндігіне 721 мың азамат ие болады. Олар:

  • зейнетақы жинағы бар, қордағы ақшасы "жеткіліктілік шегінен" асатын еңбекке жарамды жастағы азаматтар – 529,7 мың адам;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинағы бар зейнеткерлер – 178,4 мың адам;
  • зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және шотында жинағы қалған қазақстандықтар – 13,3 мың адам.

Сонымен қатар әртүрлі жастағы азаматтар зейнетақы жинағынан ақша алуы үшін жасына қарай шотта болуы керек соманың жеткіліктілік шегі бар.

Мысалы, 20 жастағы азаматтың шотында ең кемі 1 миллион 720 мың теңге болуы керек. Ал 30 жастағы азамат үшін жеткіліктілік шегі – 2 миллион 518 мың теңге.

Зейнетақы аннуитеті дегеніміз не?

Зейнетақы аннуитеті – бұл зейнетақы жинағын сақтандыру компаниясына аудару. Мұны жинақтаудың ең аз сомасы – ерлер үшін 9,6 миллион теңге және әйелдер үшін 13,4 миллион теңге болғанда жасауға болады.

Артықшылығы – ер адам 55 жасқа, ал әйел 51 жасқа жеткенде өз жинағын "зейнетақы аннуитеті" ретінде рәсімдеп, ақшаны ала алады.

Кемшілігі – мұндай сақтандыру компаниялары төлем мөлшерін өте жоғары "өмір сүру жасына" сүйене отырып есептейді. Олардың есебіне сәйкес, орташа өмір сүру ұзақтығы 100 жылдан асады. Адам қайтыс болғаннан кейін қалған сома компанияға өтеді және мұра болып қалмайды

Тақырып бойынша

Экономистер зейнетақы жинағын қай салаларда жұмыс істейтіндер алатынын айтты
Зейнетақы шотындағы ақшаны бір емес, бірнеше рет алуға болады
Зейнетақы жинағын пайдалану: әр жас үшін жеткіліктілік шегінің мөлшері жарияланды
Зейнетақы қорындағы ақша емделуге қалай берілетіні жарияланды
Зейнетақы жинағын пайдалану: кім, қашан және қалай жұмсай алады
Кілт сөздер:
тұрғын үй, баспана, салық, зейнетақы жинағы
Загрузка...

Басты тақырып