19:26 21 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Экономика
Қысқа сілтеме алу
44 0 0

Тауарлар өндірісі 1,7%-ке артып, көрсетілетін қызметтер 6,1%-ке қысқарды. Ал жылдық инфляция 7,0%-ке дейін бәсеңдеген

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. 2020 жылдың қаңтар-тамыздағы қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 3 процентке төмендеді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2020 жылдың қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері мынадай: жылдық инфляция 7,0%-ке дейін бәсеңдеді. Тауарлар өндірісі 1,7%-ке өсті. Сонымен бірге, көрсетілетін қызметтер 6,1%-ке қысқарды. Жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнім 3,0%-ке төмендеді",  - деді Дәленов үкімет отырысында.

Оқи отырыңыз: Президенттің жолдауын орындауға 2 триллион теңгеге жуық қаржы жұмсалады  

Ол тамыздың екінші жартысында қызмет секторының бірқатар саласы жұмысты қайта бастағанын атап өтті. Экономиканың нақты секторында өсім сақталып отыр. Олар – құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі. Дайын өнім тауарлары экспортының ұлғаюы байқалады.

"Нақты сектор бәсекеге қабілеттіліктің жақсы нәтижелерін көрсетуде. Мәселен, есепті кезеңде автомобиль жасау 51,8%-ке, фармацевтика 34,1, дайын металл бұйымдары 18,8, қағаз өнімдері 15,3 және жеңіл өнеркәсіп 11%-ке өсті", - деді министр.

Есепті кезеңде әлемнің 105 еліне экспорт жасалған.

Жеті айда сыртқы сауда айналымы 48,7 миллиард долларды құрады. Экспорт 28,6 миллиард долларды, импорт – 20,1 миллиард доллар.

Сауда балансының оң сальдосы 8,5 миллиард доллар деңгейінде сақталуда.

Тақырып бойынша

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алған кезде салық төлеу керек
Мемлекет аренда ақысының 70-80 процентін субсидиялайды – министр 
Вице-премьер бюджетке мұнайдан түсетін түсімнің қанша теңгеге азайғанын айтты
Мемлекет бизнесті арзан несие беріп бүлдірмеуі тиіс – Ұлттық банк басшысының орынбасары
Қазақстандықтардың салық бойынша 64 млн теңге өсімпұлы кешірілді
Кілт сөздер:
Руслан Дәленов, экономика, ЖІӨ
Загрузка...

Басты тақырып