18:14 21 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Экономика
Қысқа сілтеме алу
57 0 0

Бақылаудың жаңа түрі тауарларды заңсыз сатудың жолын кеседі, деді Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек - Sputnik. Ресей 2021 жылдың қаңтар айынан бастап сүт өнімдерін таңбалауды енгізуге ниет танытып отыр. Пікірталас тудыратын мәселе Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында жан-жақты талқыланады. Бұл туралы ЕЭК алқа төрағасының көмекшісі Ия Малкина айтты.

"Біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауарларды таңбалау жөніндегі келісім жасалғанын ескеріп отырмыз. Одаққа мүше-елдер өз аумағында бұл жаңашылдықты енгізу датасын өздері белгілейді. Комиссияны ескертуі тиіс", - деді Малкина.

Оның айтуынша, одаққа мүше әрбір елде таңбаланбаған өнімді сатуға тыйым салудың кезеңдері нақты айқындалуы маңызды. Бұл мемлекеттер нарығын таңбалауды енгізуге дайындайды.

"Мұндай бақылаудың оң тұсы - тұтынушылар құқығын қорғау және нарықтағы заңсыз айналымды азайту", - деді Малкина.

Бұған қоса, өнімді таңбалау бәсекеге қабілеттілікті арттырады.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ құрамына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей енеді. Молдова одақ жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.

Загрузка...

Басты тақырып