17:38 21 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Экономика
Қысқа сілтеме алу
22 0 0

Үкімет басшысының айтуынша, Индустрияландыру картасындағы жобалардың ойдағыдай жүзеге асуына әкімдер жеке жауапты болады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 996 миллиард теңге болатын 206 жоба іске қосылады. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет отырысында Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру мәселелері қаралды. Оның айтуынша, осы жылы 1 триллион теңгеге жуық сомаға 206 жоба жүзеге асырылады.

"Биыл Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 996  миллиард теңгеге 206 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл өндіріс көлемін 1,3 триллион теңгеге, экспортты 325 миллиард теңгеге ұлғайтуға және 19 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", - деді Мамин.

Жобалардың негізгі бөлігі машина жасау, тау-кен металлургия кешені мен агроөнеркәсіп және энергетика саласына тиесілі.

"Алматыдағы "Hyundai" және Қостанайдағы "Chevrolet" жеңіл автокөліктерін құрастыру бүгінгі таңда индустрияландырудың жарқын үлгісі болып отыр. Қарағанды облысында техникалық газ өндіру жобасы мен алтын өндіретін фабрика іске қосылды. Машина жасау саласының дамуы локализация деңгейін және Қазақстанда шығарылатын құрамдастардың номенклатурасын бірнеше мыңға кеңейтуге ықпал етеді. Бұл өндірістер жұмыс орындарының санын ұлайтады", - деді премьер.

3 проценттік кредит қай салаға беріледі?

Сонымен қатар, Қазақстанда құрылатын Кәсіпкерлікті дамыту қоры кәсіпорындарды 3 проценттен аспайтын мөлшерлеме бойынша кредиттеуге мүмкіндік береді.

Мамин әлемдік нарықтағы тұрақсыздықты ескеріп, барлық күш-жігерді сыртқы және ішкі сұраныс неғұрлым тұрақты салаларға, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп, тамақ пен химия өнеркәсібі, машина жасау мен фармацевтика салаларына жұмсау қажеттігін айтты.

"Әлемде көміртегі бағасының төмендеуі технологиялық күрделі салаларға мән беру қажеттігін көрсетіп отыр. Бұл мұнай-химия және газ өңдеу салаларына қатысты. Сондықтан Индустрия министрлігіне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, биылға жоспарланған барлық жобаны іске асырып қана қоймай, Индустрияландыру картасының жобалары пулын қосымша қарап, кеңейтуді, сондай-ақ жаңа жобаларды қарастыруды тапсырамын", - деді ол.  

Оқи отырыңыз: Цифрландырудың салдары: 600 ірі кәсіпорын қызметкерлер санын қысқартады

Мамин әкімдер Индустрияландыру картасындағы жобаларға жеке жауапты болатынын ескертті.

Тақырып бойынша

Елімізде медициналық маска шығаратын 4 жаңа кәсіпорын іске қосылады
Антарктидада жылына 126 мың доллар жалақы төлейтін жұмыс орны ашылды
Алматыда 15 мыңнан астам бос жұмыс орны бар – әл-ауқат басқармасы
Көкшетауда жылу беруші кәсіпорын халықтың есебінен заңсыз пайда тапқан
Инвестор мен кеденшілер арасындағы дау: Ақтөбедегі кәсіпорын қосымша салық төлемейді
Кілт сөздер:
жаңа жұмыс орындары, кәсіпорын
Загрузка...

Басты тақырып