Экономика

Nur Otan партиясы зейнетақы жинағының бір бөлігіне салық салмауды ұсынды

© Sputnik / Ксения ВоронинаОфис ЕНПФ в Астане
Офис ЕНПФ в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Салық кодексіне сәйкес қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алатын болса, соманың 10%-ін салық түрінде төлеуге міндетті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Nur Otan партиясы зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алған кезде, 10 процент салық салмауды ұсынды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

"Азаматтардың зейнетақы жинағын алу кезінде салық түрінде ұстауға жоспарланған қаражат мемлекеттің барлық экономикалық мәселесін шешпейді, бірақ тұрғын үй мәселесін шешуде, мұқтаж азаматтарды емдеуде айтарлықтай көмек бола алады", - деді партиялық куратор, мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Артур Платонов.

Nur Otan партиясы президенттің бастамасы, ең алдымен, халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған, сондықтан зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану кезінде ерекше жағдайлар қарастыру қажет деп есептейді.

Айта кетсек, Салық кодексіне сәйкес қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алатын болса, соманың 10%-ін салық түрінде төлеуге міндетті.

Зейнетақы жинағын кім ала алады

2021 жылдан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсау мүмкіндігіне 721 мың азамат ие болады.

Олар:

  • зейнетақы жинағы бар, қордағы ақшасы "жеткіліктілік шегінен" асатын еңбекке жарамды жастағы азаматтар – 529,7 мың адам;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинағы бар зейнеткерлер – 178,4 мың адам;
  • зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және шотында жинағы қалған қазақстандықтар – 13,3 мың адам.

Зейнетақы шотындағы ақшаны алу үшін салымшының жинағы жеткіліктілік шегінен асуы керек.

Әртүрлі жастағы адамдар үшін жеткіліктілік шегінің мөлшері қанша екенін Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз.

Ақшаны қайда жұмсауға болады

  • баспана (жаңа және қолданыстағы үйлерден) немесе жер учаскесін сатып алу;
  • ипотеканы қайта қаржыландыру немесе өтеу (кез келген екінші деңгейлі банкте, кез келген бағдарлама бойынша);
  • жеке тұрғын үй салу, кеңейту немесе жөндеу;
  • ем ақысын төлеу;
  • зейнетақы жинағын қаржы компанияларына басқаруға беру.

Зейнетақы шотындағы ақша қолға берілмейді, бірыңғай оператор арқылы мақсатты түрде пайдаланылады. Қазақстандықтар зейнетақы жинағын бір емес, бірнеше рет ала алады.

Жаңалықтар
0