Экономика

Өзбекстан президенті Тоқаевтың кеңесшісін жалдады

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сума Чакрабарти Өзбекстан президентінің кеңесшісі ретінде Қазақстан басшысының кеңесшісі қызметіндегі міндеттерді атқарады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Таяуда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалған Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) бұрынғы басшысы Сэр Сума Чакрабарти Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің де кеңесшісі болды. Бұл туралы Сума Чакрабарти Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

"Қазір ғана Өзбекстан президенті мені өзінің экономикалық даму, тиімді басқару және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі етіп тағайындағанын естіп, қуанып отырмын. Оған реформалық бағдарламаларды жүзеге асыруға көмектесемін", - деп жазды ЕҚДБ-нің бұрынғы басшысы.

© Photo : Пресс-служба президента Украины / Медиабанкке өтуЕҚДБ-ның бұрынғы басшысы Сэр Сума Чакрабарти
Өзбекстан президенті Тоқаевтың кеңесшісін жалдады - Sputnik Қазақстан
ЕҚДБ-ның бұрынғы басшысы Сэр Сума Чакрабарти

Бұған дейін ол Қазақстан президенті осыған ұқсас қызметке тағайындағанын хабарлаған болатын.

"Қазақстан президенті Тоқаевтың экономикалық даму және тиімді басқару мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалғаныма қуаныштымын. Алдағы жұмыстарды асыға күтемін", - деді Чакрабарти.

Оқи отырыңыз: Тоқаевқа қарайтын жоғары кеңестің құрамы жарияланды 

Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте Тоқаев Чакрабартиді өзінің штаттан тыс кеңесшісі етіп тағайындады. Ол сондай-ақ Қазақстан президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары болды. Төраға қызметін Қазақстан президенті атқарады.

Сэр Сума Чакрабарти 2012 жылдан 2020 жылдың шілдесіне дейін Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті болған.    

Жаңалықтар
0