Экономика

Қазақстанда мұнай-сервис компанияларына қатысты талаптар өзгеруі мүмкін

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуОператор по добыче нефти, архивное фото
Оператор по добыче нефти, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы мәселеге тікелей құзыретті министрлік бұйрық жобасын ұсынды, онда табиғи ресурстарды өндірушілерге арналған бірқатар талап алынып тасталды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда мұнай-сервис компанияларына қатысты талаптар оңтайландырылады. Осы мақсатта энергетика министрлігі тиісті бұйрықтың жобасын әзірледі.

Бұйрық "Тау-кен өндірісін (көмірсутектерді), мұнай-химия өндірісін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, көмірсутектер саласындағы магистральды газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға берілетін лицензия" деп аталатын мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы құжатқа өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Жаңа бұйрық бірақатар талапты жоюға негізделген. Оларға мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіру кезінде құбырлардың болуы, көмірсутекті кен орындарында зерттеулер мен геофизикалық жұмыстар кезінде екі немесе одан да көп ұңғымалы қондырғылардың болуы, көмірсутекті кен орындарында ұңғымаларды цементтеу кезінде цемент тасығыштың болуы, мұнай қабаттары мен  ұңғымалардың өнімділігін арттыру кезінде сұйықтықты дайындау, айналым және тазарту торабының болуы туралы талаптар жатады.

16 қыркүйекте жоба ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында жарияланды.

Жаңалықтар
0