17:43 24 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Сейтказы Матаев на судебном процессе

Сейтқазы Матаев ауруханада, оның ісі бойынша тыңдау кейінге қалдырылды

Sputnik
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
Матаевтар ісі (8)
4201

Қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаевтың қылмыстық ісі бойынша тыңдауларды сотталушы денсаулығының нашарлауына байланысты 29 тамызға қалдырды, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің тілшісі сот залынан.

АСТАНА, 24 там –Sputnik. Қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаевтың қылмыстық ісі бойынша тыңдауларды сотталушы денсаулығының нашарлауына байланысты 29 тамызға қалдырды, деп хабарлады Sputnik ақпараттық агенттігінің тілшісі сот залынан.

Қылмыстық іс Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотының қаралуында, басты сот отырысы 23 тамызда басталды. Сейсенбі күні Журналистер одағы басшысының қан қысымы көтеріліп, "жедел жәрдем" бригадасын шақыруға тура келді.

"Бас дәрігердің міндетін атқарушы Мұқажанов Әділбек Қайырбекұлымен сөйлестім (онкология медициналық ғылыми орталығы), оларда арнайы кардиология бөлімі бар, шұғыл шақырту жағдайында аумағы бойынша жеткізіледі. Сондықтан ол қазіргі уақытта сонда, диагнозы — гипертониялық күрт асқыну. Медициналық көрсеткіштерге, хаттамаға сәйкес, 5 күн ішінде ол біздің процесске келе алмайды. Сондықтан ол стационарда болады", —  деді судья Ақболат Құрмантаев.

Оның айтуынша, осыған орай, тыңдаулар 29 тамыз 9.30-ға шегеріледі.

Дүйсенбіде Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотында айыпталушы Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевқа қатысты басты сот талқылауы басталды.Сот процесі ашық режимде өтті. Сейітқазы Матаев мемлекеттің көптеген миллион теңгесін жымқырды және Алматыдағы Ұлттық баспасөз-клубы ғимаратын заңсыз реконструкциялады деген ресми күдікке ілініп отыр. Әсет Матаевқа мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауда көптеген миллион теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр. Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бастап үйқамағында отыр. Әсет Матаев үйқамағына 28 науыздан бастап алдынды. Екеуі де өздеріне тағылған барлық айыптарды үзілді-кесілді мойындамайды.

Тақырып:
Матаевтар ісі (8)

Басты тақырыптар