Оқиға

Армения Қазақстанға жалған кәсіпкерлікке күдіктіні қайтарды

© SputnikГенеральная прокуратура РК
Генеральная прокуратура РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокуратураның және Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан азаматы С.Манасянды экономикалық қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады.
АСТАНА, 7 қыр —  Sputnik.Армения Республикасынан экономикалық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға Қазақстан азаматы экстрадицияланды деп хабарланады ҚР Бас прокуратурасының сайтында.

Ведомствоның мәліметінше,бас прокуратураның және Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан азаматы С.Манасянды экономикалық қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады.

58-жасар Сурен Манасян қылмыстық топ құрамында жалған кәсіпкерліктер құрғаны үшін, сонымен қатар бюджетке салық төлеуден жалтаруға жағдай жасау нәтижесінде мемлекетке 200 млн. тенге сомасында аса ірі мөлшерде залал келтіргені үшін айыпталуда.

Қазіргі уақытта Манасян Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.
Жаңалықтар
0