Оқиға

Баян Есентаеваға қастандық жасау туралы іс бойынша сот жабық режимде өтеді

© Photo : соцсетиБаян Есентаева
Баян Есентаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал музыкалық продюсер, жұбайы Баян Есентаеваға қастандық жасауға әреттенді деп айыпталған Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша сот талқылауы жабық режимде өтеді.

АСТАНА, 14 қыр — Sputnik. Танымал музыкалық продюсер, жұбайы Баян Есентаеваға қастандық жасауға әреттенді деп айыпталған Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша сот талқылауы жабық режимде өтеді деп мәлімдеді Алматы облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Берікжан Байжүнісов.

Сәрсенбіде сотта осы қылмыстық іс бойынша алдын алда тыңдау өтеді. "Сотталушы Есентаевқа жыныстық қылмыс жасады деген айып тағылғандықтан (…), сондай-ақ сотталушы мен жәбірленушінің өмірлерінің интимді жақтары туралы мәліметтерді таратпау мақсатында ҚР ҚПК 29 бабына сәйкес жабық сот талқылауын өткізу қажет", — деді қаулыны оқыған судья.

Первое интервью Баян Есентаевой после инцидента с мужем - Sputnik Қазақстан
Видео
Баян Есентаева бұрынғы күйеуін кешіруге дайын емес. Сұхбаттан кадрлар
Содан кейін судья БАҚ өкілдерінен сот залынан шығуды сұрады. Баян Есентаева алдын ала тыңдауларға қатыспайды. Сотталушы Есентаев сотқа күзетпен жеткізілді. Сотталушыға бұлтарпау шарасы бұрынғы қалпында — қамауда қалдырылды.


Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған.

Жаңалықтар
0