12:03 27 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Есірткі, марихуана. Архивтегі сурет

Швейцария және ҚР студенттері пәтерде қарасора өсірген. Ұстау сәтінен кадрлар

© Sputnik / Виталий Аньков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
111 0 0

Қылмыстық топ 20-25 жас аралығындағы 8 (сегіз) адамнан құралған, олардың төртеуі Швейцария, Ресей және Қазақстанның белгілі жоғарғы оқу орындарының студенттері.

АСТАНА, 14 қыр — Sputnik. Алматыда полицейлр ұзақ жүргізілген жедел іздестіру шараларының барысында есірткіге қарсы полицейлер интернет ресурстары арқылы есірткі құралдарын өткізген қылмыстық топты әшкереледі деп хабарлайды  ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.

Полицейлердің мәліметінше, Республика аумағында есірткі өткізу Интернет ресурстардың көмегімен жүзеге асқан. Қылмыстық кесте "Qiwi-Кошелек" электрондық жүйесіне ақша аударуды көздеген.

Осы топтың жетекшісі, өзіне сенімді деген ортадағы адамдармен байланыс орнатқан. Ол, есірткіге тапсырыс беретін ұялы телефондардың нөмірлерін беріп отырған. Клиенттер тапсырыс берген соң, «Qiwi-Кошелек» электронды жүйесі арқылы тапсырыс үшін ақша төлейді, содан соң оларға ұялы телефон арқылы есірткіні қай жерден алу керек мекенжайы хабарланады.

"Қылмыстық топ 20-25 жас аралығындағы 8 (сегіз) адамнан құралған, олардың төртеуі Швейцария, Ресей және Қазақстанның белгілі жоғарғы оқу орындарының студенттері.Сонымен қатар, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері олардың жалдамалы пәтерінен заңсыз зертхананы және үй жағдайында қарасораны қолдан өсіруге арналған жылы-жай лампалары, желдеткіштер мен электронды приборларды анықтады",-делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, тінту жүргізу кезінде 20 кг астам есірткі, оның ішінде 18 кг гашиш, сондай-ақ синтетикалық есірткі болуы мүмкін деген қызыл түсті ұнтақ алынды.Ол бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта аталған топтың есірткі өткізді деген 10 фактіге қатыстығы дәлелденді. Ұсталғандар Алмалы аудандық сотымен қамауға алынды.

Басты тақырыптар