16:56 18 Қазан 2017
Тікелей эфир
Түрме. Архивтегі сурет

Астана криминалдық полициясы басшысының орынбасары азаптау күдігімен ұсталды

© Sputnik / Алексей Филиппов
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
139 0 0

Қадағалау органынан хабарлағандай, 7 қыркүйекте Сүлейменов ұсталды және қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды.

АСТАНА, 15 қыр — Sputnik. Астана криминалдық полициясы басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Сүлейменов азаптады деген күдікпен ұсталды деп хабарланады елорда прокуратурасының Sputnik-тің сауалына жауабында.

Ведомстводан хабарлағандай, Астана қаласы прокуратурасы Астана ІІД криминалдық полициясы басқармасы басшысының орынбасары Сүлейменовке қатысты ҚР ҚК 146 бабы 2 бөлімімен (Азаптау) қарастырылған қылмысты жасады деген күдік бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Қадағалау органынан хабарлағандай, 7 қыркүйекте Сүлейменов ұсталды және қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұдан басқа, 9 қыркүйекте №2 Есіл аудандық сотының тергеуші судьясымен  ҚР ҚК 139 бабына сәйкес күдіктіге қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қалалық прокуратурадан атап көрсеткендей, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, қылмыстық істі тергеу барысына қатысты өзге ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды.

Басты тақырыптар