Оқиға

ІІД: туыстары іздестірген алматылық әжесінен табылды

© SputnikПолиция Казахстана. Архивное фото
Полиция Казахстана. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
25 жасар алматылық Алена Захарова тоғыз айлық баласын тастап, отбасылық жағдайға байланысты үйінен кетіп қалған.

АСТАНА, 16 қыр —Sputnik. Алматы полициясы жақында туыстары жоғалып кетті шағымданған 25 жасар алматылық Алена Захарованы іздеп тапты деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен.

Бейсенбіде әлеуметтік желілерде 25 жасар әйелдің жоғалғаны туралы хабарлама кеңінен таратылды. Оның туыстары жоғалған әйелді үйінде туған-туыстары және тоғыз айлық баласы күтіп отырғанын айтып, табуға көмек сұрады.

"Ол әжесінің үйінен табылды", — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, әйел адам өзінің үйден кетуін жеке басының шешімі екенін және отбасылық жағдайға байланысты болғанымен түсіндірді.

Жаңалықтар
0