12:06 27 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Новорожденный

Атырау облысында перзентхана қызметкері сәбиді 5 мың АҚШ долларына сатқан

© Public Domain
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
96 0 0

Атырау облысында сәбиді сатқан перзентхана қызметкері бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

АСТАНА, 20 қыр — Sputnik. Атырау облысында сәбиді сатқан перзентхана қызметкері бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот процессі барысында  Атырау облысы перинатальды орталығының медициналық тіркеушісі болып жұмыс істеген сотталушы үшінші тұлғалармен ата-анасы бас тартқан сәбиді бес мың АҚШ долларына сату туралы келіскен.

Алдын ала ақшаны ол бірден алған. Бірнеше айдан кейін қалған ақшаны алған соң сәбиді берген. Сол кезде оны полиция қызметкерлері ұстап алған.

"Сот үкімімен әйел ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі 8-тармағымен кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталды", — делінген хабарламада.

Басты тақырыптар