Оқиға

Астанада құрылыстағы өрт сөндірілді

© Photo : ДЧС Северо-Казахстанской областиПожарный
Пожарный - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт қызметі келгенде белгілі болғандай, жаңадан салынып жатқан тоғыз қабатты ғимаратта екінші қабатта 60 шаршы метр алаңда сырғыма баспалдақтың гидрооқшаулағышы өртенген.

АСТАНА 20 қыр — Sputnik. Астананың сол жағалауында Достық шағын ауданында салынып жатқан ғимаратта шыққан өрт сөндірілді деп хабарлады агенттікке ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Строящееся здание горит на Левом берегу Астаны. Фото очевидца - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астананың сол жағалауында салынып жатқан ғимарат өртеніп жатыр
Жанибек пен Керей хандар және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан құрылыс нысанынан қатты түтін шыққаны туралы хабар 18:21-де түскен. Төрт минут өткен соң оқиға орнына 20 адам мен 5 техника бірлігі бар өрт сөндіру құрылымдары келіп жетті.

Өрт қызметі келгенде белгілі болғандай, жаңадан салынып жатқан тоғыз қабатты ғимаратта екінші қабатта 60 шаршы метр алаңда сырғыма баспалдақтың гидрооқшаулағышы өртенген.

Жаңалықтар
0