Оқиға

Шымкентте баласы мен ер кісіні көлік қағып кетті

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшылары Шымкент қаласында екі адамды қағып, оқиғы орнынан бой тасалаған жүргізушіні құрықтады, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер қызметінің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 21 қыр — Sputnik. Тәртіп сақшылары Шымкент қаласында екі адамды қағып, оқиғы орнынан бой тасалаған жүргізушіні құрықтады, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер қызметінің баспасөз қызметі.

жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ОҚО-дағы ірі жол апатынан алты адам қаза тапты

Хабарламаға сәйкес, 2016 жылдың 20 қыркүйегінде 9 сағат 20 минут шамасында Шымкент қаласындағы Б.Момышұлы және Оспанов көшелерінің қиылысында, маркасы «Ауди» автокөлігінің белгісіз жүргізушісі облыс орталығының 1983 жылы туылған тұрғынын және оның 2009 жылы туылған қызын қағып, жол-көлік оқиғасы орын алған болатын.

"ЖКО салдарынан, 33 жастағы жәбірленуші азамат алған дене жарақаттарынан Шымкент қаласындағы аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Оның 7 жастағы қызы дене жарақаттарымен облыстық Балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Ал, "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер қажетті іс-шараларды жүргізді", — делінген хабарламада.

Аталған жайт Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің екі бабымен: 345- бап "Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу", 347-бап "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Жүргізілген жедел-іздестірулер нәтижесінде полицейлер, жаяу жүргіншілерді қаққан «Ауди С4» автокөлігінің жүргізушісі 1950 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғынын құрықтады. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Қазіргі таңда оқиғаның орын алу барысы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.

Жаңалықтар
0