Оқиға

"Төленді" ТҮҚК басшысына қатысты қылмыстық іс Астана прокуратурасына жолданды

© Photo : Public Domainсот
сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Төленді" тұрғын үй құрылысы кешенінің басшысы Айдын Байжұмановқа қатысты қылмыстық іс Астана прокуратурасына жолданды, деп хабарлады бейсенбіде елордалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 22 қыр — Sputnik. "Төленді" тұрғын үй құрылысы кешенінің басшысы Айдын Байжұмановқа қатысты қылмыстық іс Астана прокуратурасына жолданды, деп хабарлады бейсенбіде елордалық ІІД-нің баспасөз қызметі. 

"Астана қаласының ІІД "Төленді" тұрғын үй құрылысы кешенінің басшысына қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-б. бойынша қаралған сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қалалық прокуратураға жіберілді. Қылмыстық іс "Столичный-2" (Абай мен Сарыарқа даңғылы қилысында), "Аниса" (Қорғалжын тас жолы), "Көктал-2" (Тілендиев көшесі 50/1) көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді екі реттен сатқан", — делінген хабарламда.

Астана қаласының ішкі істер департаменті азаматтарды мұқиат болуларын сұрайды. Пәтер сатып алу кезінде барлық сұрақтар бойынша тікелей құрылыс компанияларға жүгінуге кеңес береді.

Жаңалықтар
0