17:45 24 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Марракеш

Қазақстандық бойжеткен өзін Бахрейннен сексуалдық күңдіктен құтқаруды сұрады

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
79 0 0

ҚР жас азаматшасы қазақстандық дипломаттардан өзін Бахрейннен сексуалдық күңдіктен құтқаруды сұрады.

АСТАНА 22 қыр — Sputnik.  ҚР жас азаматшасы қазақстандық дипломаттардан өзін Бахрейннен сексуалдық күңдіктен құтқаруды сұрады, деп хабарлады Sputnik-ке Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

"Сауд Арабиясындағы қазақстандық дипломаттар көмек сұраған Бахрейндегі біздің отандасымызбен хабарласты. Ол өзінің сексуалдық күңдікте екенін және оны күшпен ұстап отырғанын айтты", — деді  Жайнақов агенттікке  телефон арқылы.

Баспасөз қызметінің мәліметінше,  дипломаттар 18 жасар қыздың жеке басын анықтады. Жайнақов қазақстандықтың Бахрейнге  қалай келгенін айтып бере алмады.

Қазіргі уақытта Бахрейннің құзіретті органдарымен бірлесіп,  осы жағдайдағы қажетті шұғыл шаралар қабылдануда деп атап айтты Жайнақов.


Басты тақырыптар