Оқиға

Алматыда автокөлік төрт адамды қағып өлтірді

© Sputnik / Сергей Кузнецов / Медиабанкке өтужол апаты
жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыдағы Рысқұлов даңғылында жұмаға қараған түні BMW жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 23 қыр — Sputnik. Алматыдағы Рысқұлов даңғылында жұмаға қараған түні BMW жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Хабарламаға сәйкес, BMW автокөлігі батысқа қарай жүріп бара жатқан, ал жаяу жүргіншілер машина жолымен оңтүстікке қарай өтіп бара жатқан.

"Жол апаты салдарынан төрт жаяу жүргінші зардап шекті: екі әйел мен екі ер адам. Алған жарақаттардан, олар оқиға орнында көз жұмды", — делінген хабарламада.

жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ОҚО-дағы ірі жол апатынан алты адам қаза тапты

Сондай-ақ, полицияның хабарлауынша, жаяу жүргіншілердің біреуі инерциямен қарсы бетке лақтырылған. Онда ол Lexus көлігінің астына түседі. Бұл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, алайда кейіннен ол анықталып ұсталды.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеу реестріне ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркелген. BMW жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. Lexus жүргізушісінің кінәсі сараптама нәтижесімен анықталатын болады.

Жаңалықтар
0