05:48 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
жан сақтау бөлімі

Меркедегі мұнай базасындағы өрттен зардап шеккендер ауыр хәлде

© Sputnik / Алексей Даничев
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
22 0 0

Жамбыл облысы Мерке ауылындағы мұнай базасында болған өрттен зардап шеккендердің жағдайы аса ауыр болып қалуда, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

АСТАНА, 23 қыр – Sputnik. Жамбыл облысы Мерке ауылындағы мұнай базасында болған өрттен зардап шеккендердің жағдайы аса ауыр болып қалуда, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

ТЖ комитеті хабарлағандай, 22 қыркүйек күні кешкі сағат 18.30-да Меркі ауданының Меркі ауылында мұнай базасы аумағында мұнай өнімдерін құю кезінде көлемі 60 тонна болатын бір цистерна мен көлемі 50 текшеметр келетін екі резервуар өртенді. Өрт қойма ғимаратының төбесіне өтіп, өрт ауданы 200 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірілді. Мұнай базасының үш жұмысшысы күйік шалып, ауруханаға жатқызылған.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасына сәйкес, үш зардап шеккен адам, Мерке орталық аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған. Сол күні Тараз қаласының №2 ауруханасынан санитарлық авиация бригадасы жолданған. Зардап шеккендерді тексергеннен кейін оларды тасымалдауға келмейтін болған соң, Мерке аудандық ауруханасында емдеу туралы шешім қабылданған. Анықталғандай, жұмысшылардың денесін  2-3-4 дәрежедегі күйік шалған. Күйік шалу ауданы 90-100%-ды құлаған.

"23 қыркүйек сағат 8-дегі жағдай бойынша зардап шеккендердің жағдай аса ауыр болып қалуда, олардың барлығы тыныс алу аппаратына қосылған",- делінген хабарламада.

Басты тақырыптар