Оқиға

Павлодар облысындағы агрофермада болған өртте жұмысшы қаза болды

© Sputnik / Александр Кожохинөрт сөндіру машинасы
өрт сөндіру машинасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодар облысында болған ірі өрт салдарынан агроөнеркәсіп кәсіпорынының жұмысшы қаза болды, деп хабарлады Қазақстан ТЖК баспасөз қызметі.

АСТАНА, 23 қыр – Sputnik. Павлодар облысында болған ірі өрт салдарынан агроөнеркәсіп кәсіпорынының жұмысшы қаза болды, деп хабарлады Қазақстан ТЖК баспасөз қызметі.

өрт - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жамбыл облысындағы мұнай базасында болған өртте үш адам зардап шекті

Ведомствоның мәліметінше, жұма, 23 қыркүйек күні сағат 08.44-те Павлодар облысы Ақтойға аудан орталығына орналасқан "Ақтоғай-Агро" ЖШС аумағындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер 8 сағат 47 минутта оқиға орнына жеткенде ангардағы жалын тілі аумағы 6 мың шаршы метрден асатын көкөніс қоймасына көшкен. Өрт бір сағатта өшірілді.  Оқиға орнынан

"Ақтоғай-Агро" ЖШС-ның  1991 жылы туған қызметкерінің мәйіті табылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға Павлодар облыстық ТЖД жеке құрамының 16 қызметкері және 2 өрт сөндіру техникасы, 20 жергілікті тұрғын мен олардың 2 техникасы, агрофирманың 50 қызметкері мен 1 техникасы тартылды.

Жаңалықтар
0