00:26 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
Жол полициясы. Мұрағаттағы сурет

Елордада 273 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

ДВД Астаны
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
85 0 0

Астана қаласы ІІД қызметкерлері 273 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде 264 мыңнан астам әкімшілік іс бойынша 2 млрд теңгеден артық айыппұл салынды, 803 млн теңгеден астам сома өндіріп алынды.

АСТАНА, 23 қыр – Sputnik.  Үстіміздегі жылдың 8 айында Астана қаласы ІІД қызметкерлері 273 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде 264 мыңнан астам әкімшілік іс бойынша 2 млрд теңгеден артық айыппұл салынды, 803 млн теңгеден астам сома өндіріп алынды деп хабарланады елорданың ресми сайтында.

Қазіргі кезде бес мыңнан астам мекемеге жұмыс орны бойынша 180 млн теңгеге жуық сомаға айыппұл салу туралы 16 мыңнан артық қаулы жолданды. Сот орындаушыларына міндеттелген сомманы өндіру үшін 700 млн теңгеге жуық 80 мың қаулы жолданды.

Сот орындаушыларына мәжбүрлі орындау үшін 700 млн теңгенің 80 мыңнан артық қаулы жолданды.

Сот орындаушыларының қатысуымен әкімшілік айыппұлдарды төлемейтін тұлғаларды анықтау, олардың автокөлік құралдарын ұстау және айып тұрағына қою жұмыстары жүргізілуде.

Әкімшілік полицияның барлық бөлімшелері ұсақ құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкеріне азаматтарда әкімшілік айыппұлдың болуын тексеруге және оларды төлеу бойынша кеңес беруге мүмкіндік беретін бағдарламамен жабдықталған.

Басты тақырыптар