03:30 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Турист, горы

Құтқарушылар Алматы тауларынан 3200 метр биіктіктен туристі құтқарды

CC0 / Hermann Traub
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
53 0 0

Турист Шымбұлақ шыңында тобығын жарақаттап алған.Апаттар медицинасы орталығының бригадасы оған медициналық көмек көрсеткен соң, ол Алматы қаласы №12 аурухнасына жатқызылды.

АСТАНА, 26 қыр – Sputnik. Құтқарушылар Алматы тауларынан аяғын жарақаттап алған туристі қауіпсіз жерге түсірді  деп хабарлады Sputni-ке Қазақстан ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов

Оның мәліметінше, 25 қыркүйекте сағат 16:34-те Алматы қалалық ТЖД кезекші бөліміне туристік топтағы адамның бірі аяғын жарақаттап алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға Медеу ауданындағы Шымбұлақ шыңында болған, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

1993 жылғы турист Шымбұлақ шыңында тобығын жарақаттап алған. Шыңның биіктігі 3 450 м, құтқару жұмыстары 3200 метр биікте жүргізілді.

Құтқарушылар сағат 18:52-де туристерге жетті. Сағат 23:52-де оны тау етегіне түсіріп, апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды. ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығының бригадасы оған медициналық көмек көрсеткен соң, ол Алматы қаласы №12 аурухнасына жатқызылды.

Басты тақырыптар