Оқиға

БҚО-да ЖКО-дан бес адам қаза тапты

© Public DomainДорога, трасса, асфальт
Дорога, трасса, асфальт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соқтығысу салдарынан екі көлік те өртенді. Оқиға салдарынан екі жүргізуші және "Mercedes"-те болған үш жолаушы қаза тапты.

АСТАНА 26 қыр — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ЖКО салдарынан бес адам қаза тапты.

жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
БАҚ: Шымкентте тойға асыққан күйеу жігіт пен оның екі қарындасы жол апатынан қаза тапты
Осы мәліметті Sputnik-ке Қазақстан ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растап берді.

"25 қыркүйекте Астана уақытымен 20.00-де Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында Орал-Атырау автожолының 208-210 шақырымында "Mercedes" жеңіл көлігі "Газель" көлігімен соқтығысты", —деп хабарлады ол.

Оның мәліметінше, соқтығысу салдарынан екі көлік те өртенді. Оқиға салдарынан екі жүргізуші және "Mercedes"-те болған үш жолаушы қаза тапты.

Иманқұлов атап айтқандай, оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдай департаменті өкілдері, өрт қызметінің есептеушілері, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК Күре жол медициналық құтқару бекеті медициналық жұмысшылары келді.

Жаңалықтар
0