Оқиға

Мерке мұнай базасындағы өртте зардап шеккендердің бірі көз жұмды

Жазылу
Жамбыл облысы Мерке ауылындағы мұнай базасындағы өртте зардап шеккендердің бірі көз жұмды, деп хабарлады Sputnik агенттігіне облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

АСТАНА, 26 қыр – Sputnik. Жамбыл облысы Мерке ауылындағы мұнай базасындағы өртте зардап шеккендердің бірі көз жұмды, деп хабарлады Sputnik агенттігіне облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

жан сақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Меркедегі мұнай базасындағы өрттен зардап шеккендер ауыр хәлде

Меркедегі өртте зардап шеккендердің жағдайы ауыр. 22 қыркүйек күні кешкі сағат 18.30-да Меркі ауданының Меркі ауылында мұнай базасы аумағында мұнай өнімдерін құю кезінде көлемі 60 тонна болатын бір цистерна мен көлемі 50 текшеметр келетін екі резервуар өртенді. Өрт қойма ғимаратының төбесіне өтіп, өрт ауданы 200 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірілді. Мұнай базасының үш жұмысшысы күйік шалып, ауруханаға жатқызылған.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасына сәйкес, үш зардап шеккен адам, Мерке орталық аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған. Сол күні Тараз қаласының №2 ауруханасынан санитарлық авиация бригадасы жолданған. Зардап шеккендерді тексергеннен кейін оларды тасымалдауға келмейтін болған соң, Мерке аудандық ауруханасында емдеу туралы шешім қабылданған. Анықталғандай, жұмысшылардың денесін  2-3-4 дәрежедегі күйік шалған. Күйік шалу ауданы 90-100%-ды құлаған.

"Бүгін, күйік шалған адамдардың бірі есін жимай қайтыс болды. Ол Мерке ауданының 1970 жылы туылған тұрғыны, осы кәсіпорында бас инженер болып істеген", — деді агенттікпен әңгімелесуші телефон арқылы.

Екі зардап шеккен адамның жағдайы аса ауыр болып қалуда. Олар барлығы тыныс алу аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0