03:39 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Тапанша. Мұрағаттық сурет

Рудныйда күйеу жігіт тойына банктен ақша ұрламақ болған

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
53 0 0

Рудный қаласының тұрғыны өз тойының шығындарын өтеу үшін банкті тонамақ болған, деп хабарлайды Қостанай облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 26 қыр – Sputnik. Рудный қаласының тұрғыны өз тойының шығындарын өтеу үшін банкті тонамақ болған, деп хабарлайды Қостанай облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті полиция қызметкерлеріне айтып бергендей, банкті тонау туралы шешімді ол, банк оған үйлену тойын өткізуге ірі сомадағы несие беруден бас тарқаннан кейін қабылдаған.

Sputnik агенттігіне облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 жастағы күйеу жігіт тапаншамен қаруланып алып, кассаға барып 800 мың теңге талап еткен. Күзетші оны бірден ұстаған.

Жергілікті ІІБ бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Басты тақырыптар