08:29 21 Шілде 2017
Тікелей эфир
Қылмыстық іс

Қостанайда "қара риелторлар" бандасы сотталып жатыр

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
62 0 0

Бөтеннің мүлкін басып алды деген айыппен күдікті болған бір топ адамға қатысты іс Қостанай облысының ауданаралық мамандандырылған сотында қаралып жатыр, деп хабарлады Қостана облыстық сотының баспасөз қызметі.

АСТАНА, 26 қыр – Sputnik. Бөтеннің мүлкін басып алды деген айыппен күдікті болған бір топ адамға қатысты іс Қостанай облысының ауданаралық мамандандырылған сотында қаралып жатыр, деп хабарлады Қостана облыстық сотының баспасөз қызметі.

"Қара риелторлар" бандасының ісі 66 томнан тұрады. Жауапқа тартылып жатқан  егіз адам. Олардың әрқайсысы ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, оларға ірі көлемде алаяқтық жасады, бірнеше адамды өлтірді, қылмыстық топ құрды, құжаттарды ұрлап, адам саудалады деген айып тағылып отыр.

Барлық сегіз айыпталушының жастары 28 бен 51 аралығында. Олардың арасында 30 жасар әйел кісі бар.

2007 жылы құрылып, 2015 жылға дейін әрекет етіп келген қылмыстық топтың жетекшісі 43 жастағы айыпталушы болған.  Ол пәтері бар, алайда, өзің әлеуеметтік жағынан аз қамтамасыз етілмеген азаматтар туралы, нақтырақ айтқанда, мүгедектер мен ішкілікке салынған және осы сияқты өзге де азаматтар туралы ақпарат жинаған. Топтың әр мүшесінің атқаратын өз міндеттері болған. Қылмыскерлер әлеуемтік жағынан әлсіз болып табылатын азаматтардың пәтерлерін қылмыстық жолмен өздерінің аттарына жаздырып алып отырған. Қатысушы Б жәбірленушілерді пәтерлерге меншік құқығын өздеріне жасздыруға айналдырған. Қатысушы Б, әйел кісі жылжымайтын мүліктермен нотариалдық мәмілелер жасауды ұйымдастырған. Жәбірленушілердің "көзін жоюға" тікеле қатысқан. Қатысушы Г топ жетекшісінің нұсқауы бойынша ең лас жұмысты жасаған, яғни пәтер иелерін өлтіріп, олардың мәйіттерінен құтылып отырған.

 

Басты тақырыптар