Оқиға

ТЖК: Қазақстандағы өрт сөндірушілердің жалақысы 75 мың теңгеден басталады

© Photo : ДЧС Северо-Казахстанской областиөрт сөндіруші
өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық өрт сөндірушілердің жалақысы 75 мың теңгеден жоғары, деп хабарлады ТЖ жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары Сәбит Битаев.

АСТАНА, 27 қыр — Sputnik, Қазақстандық өрт сөндірушілердің жалақысы 75 мың теңгеден жоғары, деп хабарлады ТЖ жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары Сәбит Битаев.

"Бүгінгі таңда біздің өрт сөндірушілердің жалақысы 75 мың теңгеден басталады", — деді Битаев алдағы жылыту маусымына арналған баспасөз мәслихаты барысында.

Sputnik агенттігіне комитет баспасөз қызметінде түсіндіргендей, қызметкердің жалақысы, оның еңбек өтілі мен атағына байланысты. Жалпы Битаевтың айтуынша, 2015-2016 жылыту маусымында Қазақстан аумағында 7616 өрт тіркелді.

"Олардан келтірілген материалдық зиян 1,29 миллиард теңгені құрады. Өрт салдарынан 370 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, 232 адам қаза тапты", — деп ақпараттандырды комитет басшысының орынбасары.

Жаңалықтар
0