Оқиға

Мерке мұнай базасында өрттен зардап шеккен соңғы адам көз жұмды

CC0 / / Больница, носилки
Больница, носилки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысындағы Мерке мұнай базасында өрттен зардап шеккен соңғы адам көз жұмды.

АСТАНА, 30 қыр — Sputnik.  Жамбыл облысындағы Мерке мұнай базасында өрттен зардап шеккен соңғы адам көз жұмды, деп хабарлады  Sputnik –ке Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен.

Оқиға
Мерке мұнай базасындағы өртте зардап шеккендердің бірі көз жұмды
22 қыркүйек күні кешкі сағат 18.30-да Меркі ауданының Меркі ауылында мұнай базасы аумағында мұнай өнімдерін құю кезінде көлемі 60 тонна болатын бір цистерна мен көлемі 50 текшеметр келетін екі резервуар өртенді. Өрт қойма ғимаратының төбесіне өтіп, өрт ауданы 200 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірілді. Мұнай базасының үш жұмысшысы күйік шалып, ауруханаға жатқызылған.

 

Ведомствоның мәліметінше, 48 жасар ер адам ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оның денесінің 90 пайызы күйгенін тіркеді.

"Ер адам 29 қыркүйекте есін жимастан, 19:15-те көз жұмды. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдарынан келгенннің бәрін істеді", — деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Жаңалықтар
0