00:25 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
Деньги

"ҚМГ Өнімдері" қызметкерлері 2,2 млрд теңге ұрлығын мойындады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
48 0 0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті жанар-жағармай материалдарға заңсыз талон беру арқылы ұрлау деректері бойынша "ҚазМұнайГаз Өнімдері" қызметкерлері құрамындағы қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқты.

АСТАНА, 30 қыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті жанар-жағармай материалдарға заңсыз талон беру арқылы ұрлау деректері бойынша "ҚазМұнайГаз Өнімдері" қызметкерлері құрамындағы қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқты.

2012-2015 жылдары аралығында бас менеджер Еслямова бас маман Жақсымбетова, менеджерлер Түсүпов және Ахтыбаевамен алдын ала келісіп алып, ЖЖМ талондарын беру арқылы өтелетін 15 жеке тұлғаның алдында жалған кредиторлық берешек жасаған.

Кейіннен заңсыз алынған ЖЖМ 5-10%-дық жеңілдікпен арзандатылған бағамен заңды және жеке тұлғаларға сатылған.

Қылмыстық жолмен түскен қаражатқа қымбат автокөлік, Астананың элиталы аудандарында тұрғын және коммерциялық ғимараттар сатып алынған. Ол мүліктерге қазіргі уақытта тыйым салынған.

Күдіктілер Еслямова, Тұсұпов, Ахтабаев және Жақсымбетова кінәларын толық мойындады.

Басты тақырыптар