Оқиға

Жолаушылар эвакуацияланғаннан кейін Алматы әуежайына оралуда

© Photo : фото предоставлено очевидцем событияПассажиры возвращаются в аэропорт
Пассажиры возвращаются в аэропорт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолаушылар эвакуацияланғаннан кейін Алматы әуежайына оралып жатыр, деп хабарлады Sputnik агенттігіне көзбен көруші.

АСТАНА, 3 қаз — Sputnik. Жолаушылар эвакуацияланғаннан кейін Алматы әуежайына оралып жатыр, деп хабарлады Sputnik агенттігіне көзбен көруші.

Бұдан бұрын Алматы әуе жайының қауіпсіздік қызметі Алматы-Тбилиси рейсінде сынап алып өтпек болғандардың жолын кесті, деп хабарлаған.

Көзбен көрушінің мәліметінше, қаскүнем қылмыс іздерін жасыру мақсатында сынапты шелекке төгіп жіберген.

"Қазір қайта кіргізе бастады", — деді агенттікпен әңгімелесуші.

Оның айтуынша, әуежайдың ғимаратында болған адамдарды дүйсенбі күні шамамен таңғы сағат 9.40-та қауіпсіз жерге көшіре бастады.

"40-50 минуттай күтті", — деп нақтылады ол. Көзбен көрушінің атуынша, жолаушыларға қауіпсіз жерге көшіру себептерін айтпаған.

Жаңалықтар
0