04:09 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
сотталушы физика мұғалімі Юрий Пак

Қарағандыдағы жалған терроризм ісі: мұғалімнің анасы үкімнен бір күн бұрын көз жұмды

© Sputnik /
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
Мұғалім Юрий Пактың ісі (13)
24 0 0

Қарағандыда жалған терроризмде айыпталған физика мұғалімінің анасы, ұлына үкімнің шығуына бір күн қалғанда көз жұмды, деп хабарлады Sputnik агенттігіне сотталушының зайыбы Ольга Пак.

АСТАНА, 3 қаз — Sputnik. Қарағандыда жалған терроризмде айыпталған физика мұғалімінің анасы, ұлына үкімнің шығуына бір күн қалғанда көз жұмды, деп хабарлады Sputnik агенттігіне сотталушының зайыбы Ольга Пак.

Қарағанды мектептерінің бірінің физика мұғалімі 2016 жылғы шілдеде сот алдында жауап берді. Айыптаудың болжамы бойынша, 2015 жылғы 14 сәуірде қарапайым мектеп мұғалімі, оқу орны ғимаратында, өзінің смартфонынан жедел әрекет ету қызметіне хабарласып, қарағандылық ЦУМ-ға жарылғыш зат қойылды деген хабарлама қалдырған.

Өзің соңғы сөзінде айыпталушы, Юрий Пак тергеу және сот кезінде анасының денсаулығы нашарлағандығын айтқан.

"Юраның анасы кеше көз жұмды. Ол сот шешіміне бір ақ күн жете алмады", — деп хабарлады агенттікке сотталушының зайыбы Ольга Пак телефон арқылы.

Қазіргі уақытта қылмыстық істер жөніндегі Қазыбек аудандық сотында Юрий Пакқа қатысты сот үкімі шығуға тиіс.

Сот ғимаратының маңына сотталушының туыстары мен журналистер ғана емес, сонымен бірге Юрий Пак физикадан сабақ берген мектеп оқушылары да жиналды. 70-ке жуық оқушы өз мұғаліміне қолдау көрсетуге ниетті.

Тақырып:
Мұғалім Юрий Пактың ісі (13)

Басты тақырыптар