03:24 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Подсудимый учитель физики карагандинской школы №86 Юрий Пак

Жалған терроризмде айыпталған қарағандылық мұғалім 2 жылға сотталды

© Sputnik /
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
Мұғалім Юрий Пактың ісі (13)
19 0 0

Сот Қарағандыда жалған терроризмде айыпталған физика мұғалімі Юрий Пакты екі жылға соттады, деп хаарлайды агенттіктің тілшісі.

АСТАНА, 3 қаз — Sputnik. Сот Қарағандыда жалған терроризмде айыпталған физика мұғалімі Юрий Пакты екі жылға соттады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

"Пак ауыр санатына жататын қылмысты біле тұра және қасақана жасады. Ол жәбірленушілерге келтірілген шығындарды өтеген жоқ. Оның әрекеттері салдарынан ЦУМ-дағы жұмыс күні бұзылған. Сот Пак Дмитрий Дмитриевичті кінәлі деп танып, жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтеумен екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", — деп оқыды үкімді судья Әлия Жошева.

Қарағанды мектептерінің бірінің физика мұғалімі 2016 жылғы шілдеде сот алдында жауап берді. Айыптаудың болжамы бойынша, 2015 жылғы 14 сәуірде қарапайым мектеп мұғалімі, оқу орны ғимаратында, өзінің смартфонынан жедел әрекет ету қызметіне хабарласып, қарағандылық ЦУМ-ға жарылғыш зат қойылды деген хабарлама қалдырған.

Өзің соңғы сөзінде айыпталушы, Юрий Пак тергеу және сот кезінде анасының денсаулығы нашарлағандығын айтқан. Оның анасы бір күн ұрын қайтыс болды.

Сот ғимаратының маңына сотталушының туыстары мен журналистер ғана емес, сонымен бірге Юрий Пак физикадан сабақ берген мектеп оқушылары да жиналды. 70-ке жуық оқушы өз мұғаліміне қолдау көрсетуге ниетті.

Тақырып:
Мұғалім Юрий Пактың ісі (13)

Басты тақырыптар