Оқиға

Петропавлдағы газгольдер жарылысында үш жұмысшы ауыр жарақат алды

© Sputnik / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт дүйсенбі күні күндіз болған. Зардап шеккендер тез арада ауруханаға жеткізілген, жарақаттары өте ауыр.

АСТАНА, 4 қаз— Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының ТЖ жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлевтің  Sputnik-ке хабарлауынша, Петропавлда газ алу кезінде газгольдер жарылысы болып, үш жұмысшы ауыр жарақат алды.

Оның айтуынша, Петропавл қаласы Бөркі шағын ауданы Зеленая 29-да орналасқан газгольдердің тұтанғаны жайында хабар дүйсенбі күні 16.11-де түскен.

Журавлев: "Өрт сөндірушілер ТЖ орнына 16.18-де жеткен. Газгольдер өрт сөндірушілер келген сәтте  отқа оранған. Өрт 16.54-те ауыздықталса, 17.06-да толығымен сөндірілді деп хабарланған. Өртті сөндіруге бес техника қолданылып, Петропавл қаласының екі өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамынан 22 адам қатысқан. Өртті сөндіруге көбік ату әдісі пайдаланылған " – деп хабарлады.

Сондай-ақ өрт сөндірушілердің орманға жақын орналасқан тұрғын үйді өрт шалып кетуден сақтап қалғаны туралы айтып өтті. Өрттің қайдан шыққаны өрт-техникалық сараптама нәтижесінде анықталмақ.

Больница, носилки - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Мерке мұнай базасында өрттен зардап шеккен соңғы адам көз жұмды

Газгольдер жарылысы мен өрттің салдарынан газ компаниясының жұмысшылары зардап шеккен. Екінші және үшінші дәрежелі күйік алған жұмысшылар Петропавл қаласының 3-қалалық ауруханасына жөнелтілді. Sputnik-ке ауруханадан берілген мәлімет бойынша:  "Жарақат алғандардың бірі бет және жақ сүйегі хирургиясы бөліміне жатқызылды, екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Қазір шокқа қарсы шаралар жүргізіліп, науқастар барлық қажетті ем-домын қабылдап жатыр".

Сұхбат алған тілшіміздің айтуынша зардап шеккендердің жарақаты ауыр. 


Жаңалықтар
0