03:38 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Мұнайшылар

Жаңаөзендегі бұрғылаушылар ереуіліне алты күн болды

© AP Photo / Dario Lopez-Mills
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
28 0 0

Жаңаөзендегі "Бұрғылау" мұнай сервис компаниясының бұрғылаушыларының ереуілі бірнеше күнге созылды. Ереуілшілер еңбекақының бірыңғай жүйесіне көшуді талап етуде.

АСТАНА, 5 қаз – Sputnik. Жаңаөзендегі "Бұрғылау" мұнай сервис компаниясының бұрғылаушыларының ереуілі бірнеше күнге созылды. Ереуілшілер еңбекақының бірыңғай жүйесіне көшуді талап етуде деп хабарлайды жергілікті "Лада"  басылымы.

"Бұл жылы тиісті еңбек демалысына шыққан жоқпыз. Былтыр бізге қосымша демалыс күндері берілген болатын, жалпы айтқанда, 60 күн демалғанбыз.  Биыл компания басшылығы демалыс беруден бас тартып отыр, себебі былтыр екіжылдық демалыс берілген", — дейді "Бұрғылау" ЖШС жұмысшылары.

Компания жұмысшылары ресми түрде аштық жариялау үшін қол жинап жүр. Қазіргі уақытта 500 адам келісімін беріпті. 

"Жұмысшыларға бәрін түсіндірдік. Жеке меншік кәсіпорын болғандықтан, бірыңғай еңбек жүйесіне өте алмайтынымызды айттық. Қалған талаптарды қолымыздан келгенше орындаймыз. Кеше бес талап айтылғанымен, олардың саны көбейіп барады, бүгін міне 19 болды" – дейді "Бұрғылау" ЖШС бас директоры Дүйсенбай Таушанов.

"Бұрғылау" ЖШС мәлімдеуінше, мұнай бағасының төмендеуінен, жұмыс көлемі азайып, компания жұмысшыларды қысқартпау үшін, жалақыны төмендеткен. 

"Жалақының жартысын алуы үшін жұмыс сағатын азайтқанбыз. Тамыздан бастап толық жұмыс күніне көшкенбіз. Жұмысшылар орта есеппен 350-400 мың теңге жалақы алады. Жұмыс көлемі үлкен болғанда, миллион теңгеге дейін алатын" – дейді директор.

Қазіргі уақытта кәсіпорын жұмысы тоқтатылған. Жұмысшылар ереуілді жалғастырып, Астанадан шенеуніктердің келуін талап етуде.  

Басты тақырыптар