04:24 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
iPhone 7 мен iPhone 7 Plus

Қазақстанға 73 кг смартфонды заңсыз әкелмек болған

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
14 0 0

Әр түрлі маркадағы ұялы телефондар партиясы Қазақстан-Қытай шекарасынан өткізілмек болған.

 АСТАНА, 5 қаз – Sputnik.  Қытаймен шекарада қазақстандық кеденшілер үш жүзден астам смартфонды ұстап қалды деп Алматы облысының мемлекеттік кірістер департаменті  Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады. 

Табылған телефондардың жалпы салмағы – 73 килограмм.

Әр түрлі маркадағы ұялы телефондар партиясы Қазақстан-Қытай шекарасынан өткізілмек болған. 

Қазіргі уақытта ұсталған тауарлардың жалпы құны анықталуда.

Ұялы телефондарды қайда жіберілетіні әлі белгісіз. Егер гаджеттердің заңсыз әкелінгені дәлелденсе, смартфондарды сатудан түскен ақша мемлекетке берілуі мүмкін.  


Басты тақырыптар