04:29 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
жан сақтау бөлімі

Ақтауда зорланған қыздың хәлі әлі де аса ауыр

© Sputnik / Евгений Биятов
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
11 0 0

Ақтауда зорланған алты жасар Викторияның жағдайы жақсармай жатыр, хәлі әлі де аса ауыр, деп хабарлады Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының баспасөз қызметі.

АСТАНА, 5 қаз — Sputnik. Ақтауда зорланған алты жасар Викторияның жағдайы жақсармай жатыр, хәлі әлі де аса ауыр, деп хабарлады Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының баспасөз қызметі. 

"Қыз аса ауыр хәлде жатыр. Ол көптеген жарақаттармен түскен, бәрінен бұрын бас миы қатты зақымданған. Қазір бүлдіршін жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Көңілді жұбататын болжамдар жоқ, бірақ дәрігерлер бұдан әрі де өмірі үшін күресетін болады", — деді баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Меңілбеков. 

Викторияны 20 тамыз күні Ақтау қаласында ұрлап әкетіп, зорлаған. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер  ыстық өтіп, қансырап жатқан қызды тауып алады. 27 тамыз күні қыз облыстық балалар ауруханасынан Астанаға Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығына жеткізілді. 


Басты тақырыптар