Оқиға

Алматы жолында автобус өртенді

© Photo : ДЧС СКОөрт сөндіруші
өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы көшелерінің бірінде бағыттық автобус толық өртеніп кетті, деп хабарлады Sputnik-ке Алматы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймухамбетова.

АСТАНА, 6 қаз — Sputnik. Алматы көшелерінің бірінде бағыттық автобус толық өртеніп кетті, деп хабарлады Sputnik-ке Алматы төтенше жағдайлар  жөніндегі департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймухамбетова. 

Қоғамдық көліктегі тұтану туралы хабарлама "101" пультіне бейсенбі күні сағат 14.59-да келіп түсті. №29 бағыттың автобусы Достық даңғылында Бутовкаға қарай барар жолда өртенді. Оқиға орнына 15 минут өткен соң келіп жеткен өрт сөндірушілер өрттің автобустан құрғақ шөпке өткенін көрген. Жолаушылар болмаған.

Бір сағатқа жетпей өрт толықтай сөндірілді. Өртену ауданы 50 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ, деп түйді Баймұхамбетова. 


Жаңалықтар
0