Оқиға

Атырау облысында жүгіріп жүрген екі зейнеткер қаза болды

© Photo : Stefan SchweihoferЖолдағы ескерту белгісі
Жолдағы ескерту белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Honda автокөлігін мінген Ресей азаматы таңертең жүгіріп жүрген екі зейнеткерді қағып кеткен.

Астана, 7 қаз – Sputnik. Honda автокөлігін мінген Ресейдегі Астрахань облысының тұрғыны Атырау обылысы Мақат ауданындағы трассада таңертең жүгіріп жүрген екі зейнеткерді қағып кеткен деп хабарлайды жергілікті "Ақ жайық" басылымы.

Көлік апаты Доссор-Бейнеу трассасында болды. Көліктің жүргізушісі 47 жасатағы Реей азаматы. Қаза болғандардың жасы 66 және 67-де. Біреуі апат болған жерде көз жұмса, екіншісі ауруханада қайтыс болған. 

"Хонданың" жүргізушісі ұсталды, қазір сот алды тергеу жүргізілуде. Аталған факт бойынша "Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеті" бабымен қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады Мақат ауданының прокуроры Аршат Тайтуллин.

Автокөлік жүргізушісі 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 


Жаңалықтар
0