Оқиға

Қарағанды облысында 16 мынан астам құс сальмонеллезадан қырылды

© Sputnik / А. Гивенталь / Медиабанкке өтуТауық
Тауық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абай ауданындағы "Орталық құс" ЖШС аумағында құстың қырылуы тіркелді. Қырылған құс басы 16 мың 283 бірлікті құрады. Олардың жалпы саны 800 мың, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 7 қаз — Sputnik. Абай ауданындағы  "Орталық құс" ЖШС аумағында құстың қырылуы тіркелді. Қырылған құс басы 16 мың 283 бірлікті құрады. Олардың жалпы саны 800 мың, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Құс фабрикасы директорының сөзіне қарағанда, құстың қырылуы құс фабрикасы ветеринарлық дәрігердің ақпаратына сәйкес улану орын алған жаңа зауыттың жемін бергеннен кейін басталған. Абай ауданының ветеринарлық мамандары қан мен патологиялық материалдар алып, "Ұлттық ветеринария жөніндегі референт орталығына" РМК-ға жеткізген. 

"Лабораториялық зерттеулердің қорытындылары бойынша, сальмонеллез қоздырғышы табылған. Жоғары патогендік құс тұмауы мен Ньюкалс ауыруының қоздырғыштары анықталған жоқ", — деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Қырылған құс ветеринарлық-санитарлық талаптарын сақтаумен жойылды. Құс фабрикасы аумағында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Өнім кіргізу аяқталды. Қазіргі уақытта құстың қырылуы тоқтады. 


Жаңалықтар
0