04:31 25 Шілде 2017
Тікелей эфир
Уголовное дело

Ақтөбедегі теракті бойынша айыпталушылар сотқа берілді

© Sputnik /
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
14 0 0

Ақтөбедегі теракт бойынша істің тергеуі аяқталды: жұма, 7 қазан күні іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер бойынша мамандандандырылған ауданаралық сотына жолданды, деп хабарланады өңірлік прокуратураның сайтында.

АСТАНА, 7 қаз — Sputnik. Ақтөбедегі теракт бойынша істің тергеуі аяқталды: жұма, 7 қазан күні іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер бойынша мамандандандырылған ауданаралық сотына жолданды, деп хабарланады өңірлік прокуратураның сайтында. 

Іс бойынша 29 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылуда, олардың 28-і қамауға алынған.  9 тұлға, терактқа  тікелей қатысушы; 18 тұлға – дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламаған. 

Прокуратураның хабарлауынша, айыпталушылар өз кінәларын толықтай мойындады. 18 жойылған террористерге қатысты қылмыстық қудалау олардың өліміне байланысты қысқартылды.

Ұрланған атыс қарулары толығымен анықталды және алынды. Бүгінгі таңда барлық тергеу әрекеттері аяқталды. Айыпталушылардың әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99 (кісі өлтіру), 192 (қарақшылық), 255 (терроризм актісі), 257 (террористік топ құру, басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) баптары мен өзге де баптары бойынша дәрежеленді.

Іс бойынша 215 сараптама жүргізілді. 101 тұлға —  жәбірленушілер қатарында. Оқиға орындарынан түсірілген бейнежазбалар деректері қалыптастырылды


Басты тақырыптар