Оқиға

Соққыға жығылған баскетболшы Нанаев есін жимай, көз жұмды

© Photo : социальные сетиИгорь Нанаев
Игорь Нанаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дүйсенбі күні сағат 17.45-те емделуші Нанаев есін жимай, көз жұмды

АСТАНА, 10 қаз – Sputnik. Петропавлда түнгі клубтың алдында аяусыз соққыға жығылған баскетболшы Игорь Нанаев көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Қазанның 2-сінен 3-іне қараған түні Петропавл қаласындағы ойын-сауық клубтарының маңында келушілер арасында қақтығыс орын алды. Салдарынан "Барыс" баскетбол клубының ойыншысы Игорь Нанаев аяусыз соққыға жығылды. Спортшы ауыр хәлде облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Бір аптадан астам уақыт бойы ол комада жатты.

"Бүгін сағат 17.45-те емделуші Нанаев есін жимай, көз жұмды", — деп хабарлады Sputnik-ке облыстық ауруханада.

Әлеуметтік желіде "Игорь живи" тобында пайдаланушылар оның жақындары мен құрбысы Дарья Тарановскаяға көңіл айтуда.

Жаңалықтар
0